«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектепте ата-аналармен қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті

Мектепте ата-аналармен қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды мектеп директоры өзі жүргізді. Кездесу барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар мен орын алған өзгерістер туралы толық есеп берілді. Білім беру сапасын арттыру, тәрбиелік жұмыстарды күшейту және материалдық-техникалық базаны жақсарту бағытындағы жетістіктер атап өтілді. Жиын соңында алдағы жоспарлар қорытындыланып, ұсыныстар айтылды. @aqtobe_bilim_bolimi #ҚамқоршылықКеңес
#АтаАналарЖиналысы
#МектепӨмірі
#БіргеДамимыз
#БілімБерудегіӨзгеріс