«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Жыл қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс прокурорларының баяндамалары тыңдалды.

Жыл қорытындысы бойынша өткен алқа отырысында балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері жөнінде облыс прокурорларының баяндамалары тыңдалды.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық тәуекелдерді анықтауға және азайтуға бағытталған «Қауіпсіз өңір» жобасын ұсынды. Жоба қауіпті учаскелерді абаттандыруды, көшелерді жарықтандыруды, инфрақұрылымды мониторингтеуді, сондай-ақ құқық бұзушылықтар туралы деректерді талдау негізінде профилактикалық және патрульдік жұмысты күшейтуді көздейді.
Қазіргі таңда әжептеуір нәтижелер бар: бірқатар қауіптер төмендетілді, балалардың мектепке баратын жолында инфрақұрылым қамтамасыз етілді, буллинг фактілері анықталып, жедел шаралар қабылданды.
Аталған жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы болып саналады деген талаптарына сәйкес келеді. Балалар – біздің болашағымыз. Сондықтан еліміздегі әрбір жеткіншектің мейірім мен қамқорлыққа бөленіп, үлкеннің қолдауын сезінуі ертеңгі күнге сеніммен қарауы өте маңызды.
Барлық өңір прокурорларына балалар қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, осындай жұмысты жүргізу тапсырылды.
Қауіпті учаскелерді анықтау, жарықтандыру мен патрульдеуді күшейту, жергілікті атқарушы органдармен және полициямен нақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету прокурорлардың алдағы кезеңдегі негізгі міндеті.
Балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және олардың өмірі үшін қауіпсіз, сенімді орта қалыптастыру барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысының сөзсіз басымдығы болуы тиіс.
Алматы облысының прокуратурасы Kundelik платформасымен меморандум жасап, қосымшаның басты бетінде прокуратураның блогын іске қосты.
Блог балалардың құқықтық мәдениетін арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Құқықтық негіздерді тиімді қабылдау үшін өзара іс-қимылдың 4 негізгі тетігі қарастырылған.