«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Құрметті ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді №12 орта мектеп КММ-де өтетін
«Жаңа жылдық шырша» мерекелік іс-шарасына
құрметпен шақырамыз.

Өтетін күні: 23–25 желтоқсан 2025 жыл

Өтетін орны: мектеп спорт залы

Өтетін уақыты: сыныптарға арналған бекітілген кесте бойынша

Мерекелік іс-шараға әр сынып белгіленген уақытта қатысады.
Жаңа жылдық көңілді бағдарлама, ән-билер мен қызықты көріністер сіздерге ерекше әсер сыйлайды.

Баршаңызды жаңа жылдық шаттық пен көтеріңкі көңіл күй күтеміз!
Ізгі ниетпен,
№12 орта мектеп әкімшілігі
#ЖаңаЖылдықШырша
#ЖаңаЖыл2025
#МектепМерекесі