Бас прокуратурада 2025 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы басталды
Бас прокуратурада облыстардың және оларға теңестірілген прокурорлардың қатысуымен, сондай-ақ барлық аумақтық прокуратуралардың онлайн-қосылуымен өткен кеңейтілген алқа отырысында прокуратура органдарының 2025 жылғы қадағалау қызметінің қорытындыларын талқылау басталды.
Бас Прокурор Берік Асылов Мемлекет басшысының Активтерді қайтару комитетін Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне қайта құру туралы Жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
Ол Мемлекет басшысымен прокуратураның алдына қойған міндеттердің үлкен жауапкершілік жүктейтінін және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселесінде нақты қадамдар қабылдай отырып, сапалық тұрғыдан жаңа деңгейде жұмыс істеуді талап ететінін атап өтті.
Жаңа Комитеттің басты басымдығы инвестициялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болмақ. Бұл экономикалық өсімді нығайтуға және Қазақстанды сенімді әрі болжамды юрисдикция ретінде қабылдауға деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.
Комитет отандық және шетелдік, ірі және орта инвесторлар үшін — экономикамызды дамытуға қаржы, технология және тәжірибе салып отырған әрбір инвестор үшін жүйелі құқықтық қалқанға айналуы тиіс.
Мемлекеттің кепілдіктерімен қатар, инвесторлар да өздеріне алған міндеттемелерді — жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын құру және экономиканың нақты секторына үлес қосу жөніндегі міндеттерді адал орындауға тиіс.
Экономика капиталды формалды түрде тартуды емес, оның нақты әрі тиімді қайтарымын талап етеді.
Осы орайда прокуратураның рөлі — заңдылықты, ашықтықты және барлық тараптардың жауапкершілігін қамтамасыз ете отырып, теңгерімді сақтау.
Осыған байланысты Қазақстанды бүгін де, болашақта да таңдағандардың сенімі тікелей қалыптасады, — деді Берік Асылов. @aqtobe_bilim_bolimi
#БасПрокуратура
#КеңейтілгенАлқа
#2025Қорытынды
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бас прокуратурада 2025 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы басталды


















