«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
«Таза жүрек» қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық – адам жүрегінің тазалығын көрсететін асыл қасиет.
Біздің мақсатымыз – көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты арттыру. Әрбір көрсетілген көмек – үлкен үміт пен сенімге бастайтын қадам. Жақсылық жасау үшін үлкен мүмкіндік немесе себеп қажет емес, тек ниет болса жеткілікті. Акция аясында демеушілік жасаған түлегіміз Сидоров Виталий мен ата – ана Алиев Галымжан мырзаларға шын жүректен алғыс айтамыз.

Баршаңызды қайырымдылық акциясына белсене қатысуға шақырамыз! @aqtobe_bilim_bolimi
#Қайырымдылық #ЖақсылықЖаса #Мейірім #ИгіІс