«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
«Таза жүрек» қайырымдылық акциясы

Таза жүрек – мейірімнен басталады. Біз бірге көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қоғамға жылулық сыйлай аламыз.

Акцияның мақсаты – игі істер арқылы адамдардың өміріне үміт пен сенім ұялату. Осы акция аясында демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Абуова Мира ханым мен ұжымына алғыс айтамыз. Әрбір жасаған жақсылығыңыз – бір жүрекке үміт сыйлайды. Бейжай қалмай, жақсылық жасауға бірге атсалысайық! @aqtobe_bilim_bolimi
#ТазаЖүрек #Қайырымдылық #ЖақсылықЖаса #Мейірім