«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мейірім әлемді құтқарады

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн аясында мектебімізде «Мейірім әлемді құтқарады» атты сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, мейірімділік пен ізгілік құндылықтарын дәріптеуге шақыру.
Оқушылар өз жұмыстарында отбасы жылулығын, махаббат пен қамқорлықтың маңызын бейнелеп, зорлыққа қарсы орта қалыптастыру жайлы ойларын шығармашылық түрде жеткізді.
Шара балалардың бойында жауапкершілік, сенім және өзара қолдау сезімдерін дамытуға бағытталды.
@aqtobe_bilim_bolimi
#мейірімәлемдіқұтқарады #16белсендікүн #зорлықзомбылыққақарсы #қауіпсізмектеп #қамқорортаным