Тарих және АӘ және ТД пәні апталығы аясында дәстүрлі түрде ұйымдастырылған «Жауынгер–2025» әскери-спорттық сайысы жоғары деңгейде өтті. Бұл сайыс оқушылардың әскери дайындық дағдыларын, шапшаңдығын, күш-қайратын және командалық бірлігін шыңдауға бағытталды. Әр сынып ерекше белсенділік танытып, өз мүмкіндіктерін көрсетіп, нағыз жауынгерге тән қасиеттерді дәлелдеді. Сайыс нәтижесі бойынша:
Жүлделі І орын — 11 «А» сыныбының еншісінде. Жоғары сәйкесімділік, тәртіп және бірлік олардың көшбасшы болуына мүмкіндік берді.
Гран-при — 11 «В» сыныбы.
ІІ орын — 10 «А» сыныбы.
ІІІ орын — 10 «Б» және 11 «Б» сыныптары.
Бұл сайыс оқушылардың патриоттық рухын көтеріп, бойларында жауапкершілік, тәртіп және елге қызмет етудің маңызын сезіндірді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз!
@aqtobe_bilim_bolimi
#Жауынгер2025 #ӘскериСпорт #АӘжТД #ТарихАпталығы #ПатриоттықТәрбие


















