«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
«Әкем, анам және мен» тақырыбы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында…

«Әкем, анам және мен» тақырыбы аясында 1–4 сынып оқушылары арасында отбасылық спорттық сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында балалар мен олардың ата-аналары бірге түрлі спорттық ойындар мен эстафеталарға қатысты. Мақсаты – отбасы арасындағы ынтымақтастықты, бір-біріне деген сенімділікті, командалық рухты дамыту, сондай-ақ балалардың дене шынықтыру дағдыларын арттыру. Қатысушылар белсенділік танытып, көңілді уақыт өткізіп, спорт арқылы достық пен бірліктің маңызын сезінді. @aqtobe_bilim_bolimi @ulttyqkomissia @otbasy_saiasat_aktobe @gender.kzpn
#ОтбасылықСпорт #ӘкемАнамМен #СпорттықСайыс #1_4Сынып #ДенсаулықЖәнеДружба #ОтбасыБірлігі