«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
2025 жылдың 3 желтоқсан күні ЖШС “BIGGNES” мекемесінде *Ақтөбе өнеркәсіптік…

2025 жылдың 3 желтоқсан күні ЖШС “BIGGNES” мекемесінде *Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі және #12 орта мектебінің бейіндік сынып оқушыларымен* бірлесе отырып *”Дублёр күні”* өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтармен танысуға мүмкіндік беру, өндірістік қызметтің қыр-сырын сезіндіру.
Бұл күні колледжіміздің тәжірибеден өтіп жатқан студенттері мектеп оқушыларына өз мамандықтары туралы жан-жақты мәлімет беріп, оның маңызын түсіндірді. Олар нақты өндірістік ортада мамандардың қалай жұмыс істейтінін көрсетті, құрал-жабдықтармен таныстырды.
Іс-шара оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, кәсіптік бағдар беруде маңызды қадам болды. @aqtobe_bilim_bolimi
#ДублёрКүні
#КәсіптікБағдар

 

#МамандықТаңдау
#СтудентТәжірибесі
#ӨндірістікОқыту