«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектебімізде “Жас ұлан” ұйымының жоспарлы жиыны өтті. Жиында Тәуелсіздік мерекесін…

Мектебімізде “Жас ұлан” ұйымының жоспарлы жиыны өтті.
Жиында Тәуелсіздік мерекесін жоғары деңгейде атап өтуге арналған жоспарлар талқыланды. Оқушылар мерекелік шаралардың мазмұны, ұйымдастыру жұмыстары және жауапты топтар туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, алдағы жаңа жылдық мерекені көңілді әрі мазмұнды өткізу жоспарлары да қарастырылды. Әр сыныпқа берілетін міндеттер, безендіру жұмыстары мен мерекелік концерт бағдарламасы талданды.
Жиын өте белсенді, ой бөлісуге толы форматта өтті.
@aqtobe_bilim_bolimi
#ЖасҰлан #ТәуелсіздікКүні #ЖаңаЖыл #МектепӨмірі #ҰйымдастыруЖұмыстары