«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
7 “А”-класында “Біз таңдаған кітаптар” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:…

7 “А”-класында “Біз таңдаған кітаптар” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой – өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Тәрбие сағатында оқушыларға рухани әлемнің сарқылмас қазынасы кітаптың адам өміріндегі маңызды рөлі түсіндірілді. Оқушылар өздері оқыған кітаптар туралы ой бөлісті. Сабақ кітапханаға барумен жалғасты. Мектеп кітапханашылары Т.В.Жужгина мен Г.К.Жармуханова кітапханадағы қызықты кітаптар қорымен таныстырып, оқушыларды кітап оқуға шақырды.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы