«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
“ Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты 18.03.25ж…

“ Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты
18.03.25ж #12 орта мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 8 “Б” және “В” сынып білім алушыларымен
“ Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға құқықтық тәртіп ұғымын түсіндіру, заңға бағынудың маңызын ұғындыру.
Әлеуметтік жауапкершілік туралы түсінік беру, қоғамдағы жеке адамның рөлін айқындау.
Заңға бағыну, әділдік, адалдық сияқты құндылықтарды қалыптастыру.
Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиенің маңыздылығын ашып көрсету арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. “Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет”тақырыбында 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға интернеттегі жас шектеулері туралы түсінік беру.Бұл шектеулердің балаларды киберқауіптерден қорғаудағы рөлін түсіндіру.Интернетті қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру.

Сынып жетекшілер: Кондибаева Г.О., Казманов Н.К.
@aqtobe_bilim_basqarmasy @aqtobe_adistemelik_ortalyk @aqtobe_bilim_bolimi @bilim_qazyna_aqtobe #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеқаласы #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
#14НаурызКөрісукүні
#22НаурызкүніАқтөбе2025