Дұрыс тамақтану (немесе салауатты тамақтану) – бұл дененің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сонымен қатар оған пайда әкелетін табиғи және жоғары сапалы өнімдердің теңдестірілген диетасы. Тамақ – ең алдымен өмір сүрудің негізі. Дұрыс тамақтану денені ерте қартаюдан сақтайды, жүрек-тамыр жүйесінің көптеген ауруларынан, қатерлі ісіктің кейбір түрлерінен, ас қорыту жолдарының ауруларынан, қант диабетінен, гипертониядан аулақ болуға көмектеседі. Газдалған сусын, чипсы, майонез және тыйым салынған, зиянды тағам өнімдерін пайдаланбау мәселесі төңірегінде мектеп оқушыларына мектеп медбикесі Сарсенова М.Н мен әлеуметтік педагог Докина С.К түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түрлі слайдтар көрсетті.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Дұрыс тамақтану

















