Бүгін №12 мектепте психологтар Құрамысова Н.Ж. мен Маликова Г.М. 11-сынып оқушылары арасында «Мен және менің болашағым» эссесін жазуды ұйымдастырды.**
Іс-шараның мақсаты –
* ҰБТ мен мемлекеттік емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету;
* Өз-өзіне деген сенімділікті арттыру;
* Білім алушылардың болашаққа деген оң көзқарасын қалыптастыру.
Эссе жазу барысында түлектер өз ойларын ашық білдіріп, армандарын, мақсаттары мен өмірлік жоспарларын ортаға салды. Әрбір білім алушы өз болашағына сенімді қадам жасап, алдағы өмірлік таңдауларына ой жіберді. Шығармашылық тапсырма арқылы балалар өз эмоцияларын, сезімдерін білдіріп, болашаққа деген үміт пен мотивациясын арттырды.
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@aqtobe_bilim_bolimi
@bilim_qazyna_aqtobe
@jan_ahual_aktobe
#МенЖәнеМеніңБолашағым #ПсихологиялықҚолдау #БолашақБүгінненБасталады


















