«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.…

Кеше құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына жасаған баяндамамнан.

Қазақстан әділеттілікке, заң үстемдігіне және тәртіпке негізделген даму жолымен сенімді ілгерілеп келеді.
Конституциялық өзгерістер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтті.
Құқық қорғау органдары жазалаушы тәсілден профилактика қағидатына көшті.

Халық саны өсіп жатқанымен, елдегі қылмыс деңгейі төмендеуде. Бұл — барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының нақты көрсеткіші.
Соңғы жылдары қылмыс деңгейі 2 есеге төмендеді, адам өлтіру мен зорлау – 50%, бұзақылық – 70%, қарақшылық пен тонау – 80% азайды.
Қылмыстық индекс бойынша Қазақстан бірнеше жылда әлемдік рейтингте 60 сатыға көтерілді. Бұл – тұрақтылықтың, реформалардың және мемлекетке деген сенімнің объективті көрінісі.

Елімізде «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы бекітілді. Ол тек күштік құрылымдарға ғана емес, бүкіл қоғамға қатысты.
Басты мақсаттар – құқық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік, заңды құрметтеуді балалық шақтан қалыптастыру, мәдени-адамгершілік және отбасылық құндылықтарды нығайту.

Осыған байланысты қазіргі таңда оқушылар мен студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінуде – бұл еліміз халқының үштен бір бөлігін құрайтын топ.
Мектептерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілуде. Бұл бастама қоғам тарапынан қолдау тапты.

Прокурорлар 2 миллион азаматтың әлеуметтік құқықтарын қалпына келтірді. 4 млрд теңге еңбекақы берешегі – ондаған мың қызметкерге қайтарылды, 12 млрд теңге алимент – балалардың пайдасына өндірілді, 630 млрд теңге – мемлекет кірісіне қайтарылды, 850 балалар үйінің түлектері мен әлеуметтік осал азаматтар баспанамен қамтамасыз етілді, тұрғын үй бөлу практикасы қайта қаралды.

Ұрланған активтерді қайтару бойынша — 770 млрд теңге бюджетке қайтарылды.
Осы қаражаттың есебінен 300-ден астам әлеуметтік нысан – мектептер, ауруханалар, спорт кешендері және шалғай өңірлердегі 2 миллионға жуық адамды таза ауыз сумен қамтамасыз ететін нысандар салынып жатыр.
Прокуратура олардың мақсатты жұмсалуын мұқият бақылауда ұстап отыр.