«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Сырттан арнайы шақырылған барбершоп мастерлері оқушылардың шашын тегін алып, оларға жаңа

Сырттан арнайы шақырылған барбершоп мастерлері оқушылардың шашын тегін алып, оларға жаңа, стильді бейне сыйлады. ️
Бұл тек шаш қию ғана емес, өз-өзіне сенімділікті арттыру, өз стиліңді көрсету мүмкіндігі болды. Оқушыларымыз жаңа образдарымен мектепке оралды және әрқайсысы өздерін ерекше сезінді.
Мұндай шаралар балаларға тек көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қатар жеке күтім мен өз-өзіне қамқорлық жасау маңызды екенін үйретеді.
Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледжінің КММ кешені 201 топ студенттері:Әбіжанов;Р Кальницкий Д;Телегенов Р
Арнайы пән мұғалімі:Г.Исмагилова @aqtobe_bilim_bolimi
#барбершоп #стиль #оқушылар #мектепішілікісшара #тегінқызмет #жаңашаш #сенімдібол #өзгешеобраз