«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Дін бостандығы әр адамның табиғи құқығы

Дін бостандығы әр адамның табиғи құқығы, алайда ол жүгенсіздік пен тәртіпсіздікке себеп болмауы тиіс. Сеніміміз бен діни көзқарасымыз бізді жақсылыққа, игілікке жетелейді, бірақ қоғамдағы тәртіп пен заң алдындағы жауапкершіліктен ешкім босата алмайды.

Әрбір азамат өз әрекеті мен сөзінің салдарын түсінуі керек. Дін мен сенім — рухани бағыт, ал тәртіп пен жауапкершілік — қоғамның тірегі. Бірі-бірімен үйлескенде ғана біз бейбіт, қауіпсіз және әділ қоғам құра аламыз.

Бостандық — шектелмеген хаос емес, жауапкершілікпен үйлескен сенім.
@aqtobe_bilim_bolimi
#тәртіп #қоғам #жауапкершілік #сенім #тәрбиеліжастар #қоғамдыққұндылық