Балдауренде Дәстүрлі өнер фестивалі өтті!
Бүгін лагерь жоспарына сәйкес Дәстүрлі өнер фестивалі аясында қолөнер көрмесі мен шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық нақыштағы бұйымдар жасап, шығармашылық қабілеттерін шыңдады.
Шеберлік сағаттарда әр қатысушы қолөнердің қыр-сырын меңгеріп, ерекше әсер алды!
Ұлттық өнер — ұрпаққа мұра. Осындай шаралар арқылы біз дәстүрді дәріптеп, өнерді ұлықтаймыз.


















