«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
️ Күмәнді қайырымдылық қорларынан сақ болыңыз!

️ Күмәнді қайырымдылық қорларынан сақ болыңыз!
Соңғы уақытта жалған қайырымдылық қорлары мен интернет арқылы ақша жинайтын алаяқтардың саны көбейіп келеді. Әрбір азамат қайырымдылық жасамас бұрын ұйымның ресми тіркелген-тіркелмегенін, реквизиттерінің дұрыстығын және ресми сайттары мен әлеуметтік парақшаларының бар-жоғын тексергені жөн.

Шынайы көмектің белгісі — ашықтық пен сенім.
Өз мейіріміңізді тексерілген, сенімді қорлар арқылы бағыттаңыз.
Бірлесіп, ізгі істердің абыройын түсірмейік!
@aqtobe_bilim_bolimi
#қайырымдылық #қауіпсіздік #сенімдіқор #абайбол #алаяқтыққақарсы