«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектебімізде екінші педагогикалық кеңес өтті

Мектебімізде екінші педагогикалық кеңес өтті.

Бұл жиында бірінші тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты талданып, оқу процесіндегі нәтижелер мен көрсеткіштер сарапталды. Әр бағыт бойынша есептер тыңдалып, мұғалімдердің ұсыныстары мен ой-пікірлері ортаға салынды. Оқушылардың үлгерімі, тәрбие жұмыстары, тәртіп, ашық сабақтар мен әдістемелік жұмыстар бойынша да қорытынды жасалды.

Кеңес барысында екінші тоқсанда жүзеге асырылатын мақсаттар айқындалып, негізгі міндеттер нақтыланды. Оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа тәсілдер, әдістемелік қолдау, оқу мотивациясын күшейту, оқушы қауіпсіздігі мен тәрбие жұмыстары бойынша жаңа механизмдер талқыланды.

Жиын соңында қаулы жарияланып, нақты ұсыныстар бекітілді.

Бір бағыт – бір мақсат!
Бірге даму – бірлескен нәтиже! @aqtobe_bilim_bolimi #педкеңес #мектебіміз #білімберу #тоқсандыққорытынды #педагогикалықкеңес #тәжірибеалмасу #оқусапасы #екіншітоқсан #мақсатжоспар