«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
«Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым»

«Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым»

Бүгін мектебімізде тағылымы мол кездесу өтті. Ардагерлеріміз бен оқушыларымызды біріктірген бұл сынып сағатының мақсаты – өскелең ұрпаққа отансүйгіштік рух пен еңбексүйгіштік қасиетті дарыту болды.

Ардагерлер өздерінің өмір жолы, елге сіңірген еңбегі мен бастан кешкен қиын кезеңдері жайында әсерлі әңгімелер айтып, жастарға өсиет сөздерін жеткізді. ️
Оқушылар да өз тарапынан сұрақтар қойып, ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.

Осындай кездесулер арқылы жас ұрпақ ардагерлердің ерлігін құрметтеуді, өткенге тағзым етуді және бейбіт өмірдің қадірін түсінуді үйренеді.
@aqtobe_bilim_bolimi
#АрдагерлерТағылымы #ЖасҰрпақТәрбиесі #ПатриоттықСабақ #МектепӨмірі #ӨнегеліӨмір #ҰрпақСабақтастығы