Бүгін мектебімізде ерекше күн!
Оқушыларымызды «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.
Бұл ұйымға қабылдану – оқушылардың отансүйгіштік рухын, тәртіп пен жауапкершілікті, ұйымшылдықты дәріптеуге бағытталған маңызды қадам.
Жаңа мүшелер еліміздің болашағына үлес қосуға, жақсы оқу мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға уәде берді.
Мерекелік шара барысында оқушылар ант қабылдап, «Жас ұлан» галстугін тақты.
Бұл сәт олардың мектеп өміріндегі ұмытылмас естеліктерінің бірі болмақ.
Жаңа қабылданған жас ұландарымызға табыс, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктер тілейміз!
@aqtobe_bilim_bolimi @dvorec_aktobe @jasulan_qz
#ЖасҰлан #ПатриотОқушы #МектепӨмірі #ҰланБолуМақтаныш #БолашақБізденБасталады #№12мектеп


















