«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған “Күншуақ” жазғы демалыс алаңы өз жұмысын аяқтап,…

Мектебіміздің жанынан ұйымдастырылған “Күншуақ” жазғы демалыс алаңы өз жұмысын аяқтап, “Достық” тобы үшін де көңілді күндерге толы маусым өз мәресіне жетті. Алаңның соңғы күнінде топ тәрбиешілері балалардың белсенділігі мен шығармашылығын ерекше атап өтіп, әр тәрбиеленушіні мақтау қағаздарымен марапаттады. Бұл – балалардың жаз бойы алған білімдері мен еңбектерінің нәтижесі, қуанышты сәттерінің көрінісі болды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін мектеп әкімшілігі барлық топ тәрбиеленушілеріне тәтті балмұздақ үлестіріп, алаңдағы соңғы күнді ерекше есте қалдырды. Көңілді күлкіге, ризашылыққа толы бұл күн балалардың жадында жарқын естелік болып қалары сөзсіз.