«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгін жазғы алаңымыздың сүйкімді де белсенді “Фиксики” тобы мектеп ауласында…

Бүгін жазғы алаңымыздың сүйкімді де белсенді “Фиксики” тобы мектеп ауласында көңілді де қызықты ойындар ойнады. Балалар бір-бірімен ұйымшылдық танытып, шапшаңдық пен тапқырлыққа толы түрлі сайыстарға қатысты. Қызықты ойындар арқылы олар тек жақсы көңіл-күйге бөленіп қана қоймай, бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтты. Күн шуақты, жылы ауа райы балалардың шаттығына шаттық қосты. Бұл күн олардың есінде жарқын естелік болып қалары анық.