Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңындағы “Достық” тобы табиғаттың тамаша аясында жайқалған көгалда жайма дастархан жайып, шат-шадыман көңіл-күймен демалды. Балалар бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, дәмді де нәрлі астардан ауыз тиді. Күн шуағына бөленіп, таза ауада сергіп, көңілді де есте қаларлық күн өткізді.


















