«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
15 маусым – «Әкелер күні» қарсаңында «Күншуақ» жазғы алаңының тәрбиеленушісі…

15 маусым – «Әкелер күні» қарсаңында «Күншуақ» жазғы алаңының тәрбиеленушісі Жұмабай Жібек жүрек түкпірінен шыққан ыстық лебізін әкесіне арнап бейнебаян арқылы жеткізді. Әке мейірімін, қамқорлығын сезінген бала көңілінен шыққан жылы сөздер мен шынайы алғыс бейнежазбада көрініс тауып, көпшіліктің жүрегін елжіретті. Бұл әсерлі туынды Жібектің әкесіне деген шексіз құрметі мен махаббатының жарқын көрінісіне айналды.