️ Алаяқтан сақтаныңыз!
Бүгінде интернет арқылы алдаудың түрі көбейді. Алаяқтар «жеңіл табыс табасың», «көмектесеміз», «картамен азғана операция жаса» деп сенімге кіріп, адамдарды қылмысқа тартады.
Бір қарағанда зиянсыз ұсыныс сияқты көрінгенімен, мұның артында қаржылық алаяқтық тұруы мүмкін. Мұндай әрекетке қатысқандардың картасы бұғатталып, өздері де жауапқа тартылуы ықтимал.
Есіңізде болсын:
Банк картасының деректерін, кодтарын ешкімге беруге болмайды.
Күмән туса – ата-анаңызға, банкке немесе полицияға хабарласыңыз.
Ата-аналар, балаларыңызға интернет қауіптері туралы жиі ескертіңіз.
Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда. Алаяққа сеніп, өміріңізді тәуекелге тікпеңіз!
@aqtobe_bilim_bolimi
#АлаяқтанСақтан #КиберҚауіпсіздік #ЗаңменТәртіп #БалаҚауіпсіздігі


















