«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгінде интернет алаяқтары жастарды «жеңіл табыс» уәдемен алдап, заңсыз істерге тартып жүр.

Бүгінде интернет алаяқтары жастарды «жеңіл табыс» уәдемен алдап, заңсыз істерге тартып жүр.
«Картаңды бер – пайыз аласың», «атыңа шот аш», «аударым қабылда» деген ұсыныстардың барлығы — қылмыстық әрекет! ️

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап мұндай істер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚР ҚК 232-1-бап).
Яғни картаңды басқаға бергенің — қылмысқа қатысқанмен тең!

Есіңде болсын:
– Карта мен деректерді ешкімге берме;
– Күмән болса, ата-анаңа немесе банкке хабарла;
– «Жеңіл ақша» – үлкен қауіптің басы.

Өзіңді де, отбасыңды да қорғай біл.
Дроп болма — өміріңді қор қылма! ‍️
@aqtobe_bilim_bolimi
#ДропБолма #КиберҚауіпсіздік #АлаяқтанСақтан #ЗаңменТәртіп