«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
“Мектеп кітапханасының қазіргі замандағы рөлі"

“Мектеп кітапханасының қазіргі замандағы рөлі" атты қалалық семинар өтті!
Семинар барысында кітапхананың білім беру кеңістігіндегі маңыздылығы, цифрлық дәуірдегі кітапханашының жаңа рөлі мен оқырман мәдениетін дамыту жолдары талқыланды.
Шараға қала мектептерінің кітапханашылары мен ұстаздары қатысты.
Тәжірибе алмасу, пікір бөлісу алаңына айналған бұл семинар қатысушыларға тың серпін сыйлады.

#мектепкітапханасы #қалалықсеминар #білімкеңістігі #оқумәдениеті