«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
15 маусым – “Әкелер күні” қарсаңында мектебіміздің жас өнерпазы, жүрегі…

15 маусым – “Әкелер күні” қарсаңында мектебіміздің жас өнерпазы, жүрегі мейірімге толы оқушысы Макашев Тимур өз әкесіне деген ыстық ықыласы мен алғыс сезімін ерекше жолмен жеткізді. Тимур жүрек тербетер жылы лебіздерін бейнебаян арқылы арнап, әке деген ұлы есімнің қадірін көркем тілмен жеткізе білді.

Ол өз бейнебаянында әкесінің өмірдегі орны, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі туралы тебірене айтып, барша көрерменнің жүрегін елжіретті. Бұл әсерлі туынды – тек бір баланың ғана емес, барлық перзенттің әкеге деген шексіз құрметі мен махаббатының жарқын көрінісі болды.

images/it4/7/2.jpg