«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгін жазғы алаңымызда күн ерекше шуақты, көңіл-күй керемет болды! «Фиксики»…

үшін бұл күн әсіресе қызықты өтті. Балалар топ ішінде түрлі тапсырмалар орындап, білім мен тапқырлықты қажет ететін сұрақтарға жауап беріп, өз ой-өрістерін кеңейтті.

Әр тапсырма балғын бүлдіршіндерге жаңа бір әлемнің есігін ашқандай әсер қалдырды. Олар логикалық жұмбақтарды шешіп, ой сергітетін ойындарға қатысып, белсенділік танытты. «Фиксиктердің» тапқырлығы мен ұйымшылдығы бәрімізді тәнті етті.

Балалардың жүзінен қуаныш пен мақтаныш сезімі байқалды – әрбір дұрыс жауап, әрбір орындалған тапсырма оларға шабыт сыйлап, сенімділіктерін арттырды. Осындай қызықты әрі пайдалы күндер балалардың жазғы демалысын жарқын естеліктерге толтыратыны сөзсіз!