«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгін мектебімізде өткен күзгі қолөнер көрмесінің қорытындысы шығарылды!

Бүгін мектебімізде өткен күзгі қолөнер көрмесінің қорытындысы шығарылды!
Барлық сынып оқушылары өздерінің ерекше ой-қиялымен, еңбекқорлығымен және шығармашылық шеберлігімен көзге түсті.

Әрбір жұмыс — күздің сұлулығын, табиғаттың байлығын және балалардың қиялын бейнелеген нағыз өнер туындысы болды.
Әрине, бірінен бірі өтетін әдемі жұмыстарды салыстыру оңай болмады, дегенмен қазылар алқасы әділ шешім қабылдап, ең ерекше, ұқыпты және мазмұнды жұмыстарды марапаттады.

Бүгінгі күн балалардың шабытын арттырып, жаңа идеяларға жол ашты!
Барлық қатысушыларды еңбектерімен құттықтаймыз!
@aqtobe_bilim_bolimi
#КүзгіҚолөнер #ШығармашылықКөрме #МектепӨмірі #КүзМезгілі #ӨнерліОқушылар