«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгінгі күн ерекше көңілді өтті! Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында…

Бүгінгі күн ерекше көңілді өтті!
Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Достар” тобы “Ең әдемі бас киім” атты байқау өткізді. Балалар өз қолдарымен түрлі-түсті, ерекше үлгідегі бас киімдер жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр бас киім бір-біріне ұқсамайтын, қиялға толы туынды болды. Байқау барысында күлкі мен шаттыққа толы сәттер көп болды. Қазылар алқасы ең ерекше, көз тартарлық бас киімдерді анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.

Бұл күн балалардың есінде ұзақ сақталады. Олар тек сайысқа қатысып қана қоймай, бір-бірімен достасып, жақсы көңіл күй сыйлады. Осындай қызықты іс-шаралар балалардың жазғы демалысын мәнді әрі есте қаларлық етуге септігін тигізеді.