Бүгін мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс алаңының аясында «Фиксики» тобы ерекше шығармашылық шара өткізді. Балалар «Жемісті шырын» тақырыбында түрлі-түсті аппликация жасап, қиялдарын ұштап, қолөнерге деген қызығушылықтарын танытты. Шара барысында балалар жемістердің пішінін қиып жапсырып, өздерінің сүйікті шырындарын бейнеледі. Бұл іс-шара балалардың эстетикалық талғамын, ұсақ моторикасын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.


















