«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Фиксики” тобы үшін қызықты…

Бүгін мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы алаңында “Фиксики” тобы үшін қызықты күн болды. Балалар мектеп ауласында және ойын алаңында арнайы жасырылған тапсырмаларды іздеп тауып, оларды белсене орындады. Бұл тапсырмалар олардың зеректік пен тапқырлық қабілеттерін дамытты.

Сондай-ақ, спорттық ойын алаңында топаралық жарыстарға қатысып, ұйымшылдық пен жылдамдық танытты. Балалардың бойындағы жігер, белсенділік және достық қарым-қатынас бүгінгі күнді ерекше әрі есте қаларлық етті.