Бүгін «Күншуақ» жазғы демалыс алаңында ерекше қуаныш пен шаттық орнады. Қонаққа «Алақай» қуыршақ театры келіп, балаларға арнап «Дана Табиғат» атты ғажайып ертегісін тарту етті.
⠀
Ертегі табиғаттың сырын ұғындырып, балғын бүлдіршіндерді жақсылыққа, қамқорлыққа баулыды. Түрлі-түсті қуыршақтар мен әсерлі көріністер балалардың көңілін көтеріп, қиялын шарықтатты.
⠀
Кішкентай көрермендер күлкі мен қуанышқа бөленіп, әр кейіпкерге шын ықыласымен қол соқты. Ертегі соңында балалар табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын терең түсініп шықты.
⠀
«Алақай» театрына алғысымыз шексіз! Ертегі әлемі арқылы балалардың жүрегіне жылулық сыйлағаны үшін ризамыз.


















