Мектеп жанындағы “Күншуақ” жазғы демалыс алаңының ?“Достық” тобының балалары жарқын жаз күндерін көңілді өткізуде. Олар таза ауада түрлі қызықты ойындар ойнап, шаттыққа бөленді. Балалар асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен қиялға толы әсем суреттер салып, өз өнерлерін көрсетті. Күннің шуағына шомылып, достық пен бірліктің не екенін сезінген бүлдіршіндердің жүздері қуанышқа толы болды.


















