«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
БТ алдындағы мазасыздықты төмендетуге арналған тренинг

ҰБТ алдындағы мазасыздықты төмендетуге арналған тренинг

№12 орта мектептің психологтары 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға дайындық кезінде мазасыздық деңгейін төмендетуге бағытталған тренинг өткізді.

Кездесу барысында оқушылар:

күйзелісті қалай жеңуге болатынын,

зейінді шоғырландыруға көмектесетін әдістерді,

сабыр мен өзіне деген сенімділікті қалай сақтау керектігін білді.

Белсенділік пен шынайылық танытқандарыңыз үшін қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз емтиханға сенімділікпен және ішкі тыныштықпен дайындалуға көмектесетініне сенімдіміз

Сіздер міндетті түрде табысқа жетесіздер! Біз әрдайым жандарыңыздамыз!