11 мамыр – Аналар күні мерекесіне орай мектепалды даярлық сыныбында ерекше тәрбие сағаты өтті. “Анаңа қоңырау шал” атты акция аясында бүлдіршіндер аналарына қоңырау шалып, “Анашым, мен сені жақсы көремін!” деген жүрекжарды сөздерін жеткізді.
Бұл акцияның мақсаты – балалардың бойында анаға деген махаббат пен құрмет сезімін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Шара барысында балалар аналарына арнап тақпақтар айтып, жылы лебіздерін білдіріп, қуаныш пен толқу сезімдерін бастан кешті.
Ана жүрегі – мейірімнің, махаббаттың, жылылықтың символы. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар кішкентайлардың жүрегінде мейірімділік пен ризашылық сезімін оятады.

















