Бүгін мектебімізде ата-аналармен ”Қауіпсіздік ережелері” тақырыбында түсіндіру жиналысы өткізілді.
Кездесу барысында оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, жол ережесі, тұрмыстағы қауіпсіздік, интернет желісіндегі тәртіп сақтау мәселелері талқыланды.
Ата-аналар белсенділік танытып, маңызды ақпараттармен бөлісті. Ортақ мақсат — балалардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

















