Аналар күніне арналған ерекше ілтипат
Аналар күні мерекесіне орай 7 “А” сынып оқушылары Иманкулова Айгерим, Қамбар Аиша, Бауыржанов Алинұр өздерінің асыл аналарына қоңырау шалып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар анаға деген сүйіспеншілік пен алғысты сөз арқылы білдіріп, бұл мейрамды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Жылы сөздер мен мейірімге толы қоңыраулар аналардың көңілін бір серпілтіп, жүректерін қуанышқа бөледі.

















