«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Аналар күніне арналған ерекше ілтипат Аналар күні мерекесіне орай 10…

Аналар күніне арналған ерекше ілтипат

Аналар күні мерекесіне орай 10 “А” сынып оқушылары Кужахметов Алихан, Арсланов Ерасыл, Сейтжан Інжу және Танджарова Аяна өздерінің асыл аналарына қоңырау шалып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар анаға деген сүйіспеншілік пен алғысты сөз арқылы білдіріп, бұл мейрамды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Жылы сөздер мен мейірімге толы қоңыраулар аналардың көңілін бір серпілтіп, жүректерін қуанышқа бөледі.