«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және педагогикалық ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Құқықтық сауаттылықты арттыру және педагогикалық ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында №12 орта мектепте мектеп психологтары «Сыбайлас жемқорлық туралы хабардар болу: Мектептегі ақша жинау мәселесі» тақырыбында тестілеу жүргізді.

Сауалнамаға 45 педагог қатысты. Жауаптарды талдау нәтижесінде мұғалімдердің басым бөлігі құқықтық және этикалық білімдерінің жоғары деңгейін көрсетті. Барлық қатысушылар мәжбүрлі ақша жинауға тыйым салынғанын, ерікті жарналардың тек ресми арналар арқылы жүргізілуі қажеттігін және ата-аналар тарапынан шағым түскен жағдайда әрекет ету алгоритмін дұрыс көрсетті.