Террорлық қауіп төнген кезде сабыр сақтаңыз
Күдік тудыратын жағдайды байқасаңыз — көпшіліктен оқшауланып, қауіпсіз жерге баруыңыз қажет. Айналаңыздағыларды сабырға шақырып, үрей тудырмауға тырысыңыз.
Дереу хабарлаңыз
Күдікті адамдарды, заттарды немесе әрекеттерді байқаған бойда 102 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Ақпаратты нақты, анық жеткізіңіз — бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.
Құтқару қызметі келген кезде олардың нұсқауын бұлжытпай орындаңыз. Өз бетіңізбен әрекет жасауға тырыспаңыз — бұл өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіруі мүмкін.

















