«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Құрметті ата-аналар! Оқу жылының аяқталуына байланысты назарларыңызға маңызды ақпарат ұсынамыз.…

Құрметті ата-аналар!
Оқу жылының аяқталуына байланысты назарларыңызға маңызды ақпарат ұсынамыз.
Мектеп қабырғасында өткізілетін барлық іс-шаралар заңға және тәрбие қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Осыған орай, келесі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:
Бітіруші 4, 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттілігіне ақша жинау;
Аниматорлар, мерекелік студиялар мен агенттіктерді шақыру;
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне қандай да бір сыйлықтар тарту ету;
Мектеп ішіндегі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау;
Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын-сауық орындарына (мейрамхана, саябақ және т.б.) баруы;
Қорытынды аттестаттау кезінде ата-аналар есебінен мерекелік дастархан ұйымдастыру.
Бұл шектеулердің мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдепті сақтау және білім беру ұйымдарында әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету.
Құрметті ата-аналар!
Сіздердің осы ережелерге түсіністікпен қарап, мектеппен өзара сенім мен қолдау жағдайында әрекет етулеріңіз – балаларымыздың қауіпсіздігі мен болашағы үшін өте маңызды.
Егер сұрақтар немесе ұсыныстар болса,білім басқармасы сіздер үшін әрқашан ашық екенін ескертеміз.
Ізгі ниетпен,
Ақтөбе облысының білім басқармасы