«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыз үшін аса маңызды тарихи…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыз үшін аса маңызды тарихи оқиға. Осы мерейлі дата қарсаңында мектебіміздің 3 “В” сынып оқушылары тыл ардагері Калачева Александра Николаевнаны арнайы құттықтап барды.Балалар гүл шоқтарын ардагер әжеге сыйлап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Олар бейбіт өмір сыйлаған аға буын өкілдеріне деген алғыстарын айтып, ән салып, өлең оқыды. Бұл сәт Александра Николаевна үшін ерекше қуанышқа толы болды, ол балаларға өзінің жастық шағы мен соғыс жылдарындағы естеліктерін айтып берді.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді дарытып, тарихты құрметтеуге баулиды. Ардагерлеріміздің ерлігі – мәңгі жадымызда!