«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің оқушылары мен сынып жетекшілері…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектебіміздің оқушылары мен сынып жетекшілері тыл ардагерлері Зубцова Мария Прокофьевна, Ивченко Анастасия Яковлевна және Кальчева Екатерина Захаровнаға арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.
Оқушылар ардагерлерге алғыс айтып, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыстады. Ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен елге деген адал қызметтерін әңгімелеп берді.
Бұл кездесулер өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын түсіндіріп, отансүйгіштікке тәрбиелейді.