«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оқушылар тыл ардагері Калыкбаева Фатима…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай оқушылар тыл ардагері Калыкбаева Фатима Фаткуловнаны құттықтап барды

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары тыл ардагері Калыкбаева Фатима Фаткуловнаға арнайы барып, құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтады. Ардагердің ерлікке толы өмір жолын тыңдай отырып, оқушылар оған шын жүректен алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Кездесу барысында оқушылар тыл еңбеккеріне арнап патриоттық өлең шумақтарын оқып, әндер орындады. Ардагерге гүл шоқтары мен шағын сый-сияпаттар табысталды. Бұл кездесу жас ұрпаққа тарихи тағылым беріп, үлкенді сыйлау мен отансүйгіштікке тәрбиелеудің жарқын үлгісіне айналды.