«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «12 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдердің (IP: 77.245.105.165) әзірленгенін хабарлайды:
- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;
- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;
- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» порталы;
- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;
- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;
- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.
Аталған электронды өнімдерді мектепке дейінгі, орта, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының ресми сайттарына орналастырып, ұстаздардың, тәрбиеленушілер мен оқушылардың оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары тыл ардагерлері Галамай…

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп оқушылары тыл ардагерлері Галамай Мария Ивановна мен Улжабаева Несібелі Ногаевнаға арнайы барып, құрмет көрсетті. Іс-шара аясында олар ардагерлерге естелік сыйлықтар табыстап, алғыс пен ізгі тілектерін білдірді. Ардагерлермен жылы жүздесу барысында оқушылар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы жанқиярлық еңбек пен елге деген сүйіспеншіліктің үлгісі туралы мол мағлұмат алды.

Бұл кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен үлкенге құрмет сезімін қалыптастырып, тарихи жадыны сақтауға бағытталған маңызды тағылымды сабақ болды.